Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84086
Бір айда13857
Бір аптада2894
Кеше519
Тәулік363
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Әкімшілік
ДЮСЕМБАЕВ АСКЕРБЕК КУЛТАЕВИЧ
ДЮСЕМБАЕВ АСКЕРБЕК КУЛТАЕВИЧ

Гимназия директоры, педагог-шебер, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Кембридж бағдарламасының бірінші деңгейдегі сертификаталушысы (2014 ж). Мұғалімдердің  облыстық пән олимпиадасының екі мәрте жүлдегері (2009, 2013). Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен (2012), Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың иновациялық орталығының Мадақтамасымен, Ертіс Дарыны Алғыс хатымен (2017), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2017) және Құрмет грамотасымен (2018) марапатталды.

Аккентаева Кырмызы Мухаметкалиевна
Аккентаева Кырмызы Мухаметкалиевна

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, жоғары санатты ұстаз,  әдістемелік жұмысы облыс бойынша таратылған, облыстық «Педагогикалық шеберлік» байқауында  ІІ орын иеленген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің және  облыстық білім Департаменті  Құрмет грамоталарының, «Өзінтану» және «Үш тілде оқыту» эксперименттерін енгізудегі республикалық «Бөбек» орталығы мен облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарының иегері.

Джамалбаева Сайран Сагатовна
Джамалбаева Сайран Сагатовна

Директордың оқу  жөніндегі орынбасары, жоғары санатты ұстаз, «Шығыс тарихы» бағдарламасының авторы, іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған, «Ы.Алтынсарин» белгісінің, ҚР білім Министрлігінің және облыстық білім Департаменті Құрмет грамоталарының, ҚР білім және ғылым Министрлігінің ҰТО Алғыс хатының  иегері.

Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна
Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна

Директордың тәрбие  жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жоғары санатты ұстаз.  Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасының, Павлодар облысы білім беру басқармасының,  ҰҒББСО «Бөбек» орталығының, "Болашаққа бағдар" облыстық қашықтық бейнероликтер жеңімпазын дайындағаны үшін  облыстық ақпаратық технологиялар ортлығының Алғыс хатының иегері. Облыстық "Ең үздік әлеуметтік жоба" байқауының "Ізгілік бастауы" номинациясының игері,  Оқушылары өзін-өзі тану пәнінен облыстық, Республикалық  олимпиадасының жүлдегерлері.

 

Атик Бибигуль Васильевна
Атик Бибигуль Васильевна

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жоғары санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі. Шарбақты ауданы «Жыл мұғалімі» сайысының ІІ дәрежелі (2009), облыстық  «Алтын Диск» сайысының ІІІ (2009), физика пәнінен ХI облыстық пәндік олимпиадасында  І дәрежелі жүлдегері (2015). Облыстық білім беру басқармасының алғыс хатымен (2009, 2014), «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының алғыс хатымен (2014, 2015), облыстық ақпараттық технологиялар орталығының алғыс хатымен (2017), «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясының алғыс хатымен (2018) және Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен»  (2019) марапатталған.

ОРАЗОВА ГУЛДЕН НУРМАХАМБЕТОВНА
ОРАЗОВА ГУЛДЕН НУРМАХАМБЕТОВНА

Директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жоғары санатты, биология пәнінің мұғалімі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлігі орталығының тренері. «Созвездие» жалпыресейлік олимпиадасының «Алғыс хат» (2016), Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен (2016), «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен (2017), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатымен  (2017-2019) марапатталған.

АЛЕПАРОВА РАЙГУЛЬ ТОКАНОВНА
АЛЕПАРОВА РАЙГУЛЬ ТОКАНОВНА

Менеджер, педагог-зерттеуші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен (2013), Жас ғалымдар мен мектеп оқушыларының «ХІІ Сәтбаев оқулары» атты конференциясына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатымен (2012 марапатталды. Халықаралық ғылыми-әдіскерлік семинарына қатысқаны үшін І дәрежелі диплом (2017), Республикалық «Алаш үздіктері» конкурсы І дәрежелі диплом (2017) иегері. Республикалық және облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жүлдегерлерін дайындаған.